| Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей |
| Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей |
| Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей |
| Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей |
|
| Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған |
| Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған |
| Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған |
| Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман |
|
| Ахоу аридар-ей |
|
| Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім |
| Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның |
| Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның |
| Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын |
|
| Ахоу аридар-ей |
|
| Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ |
| Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ |
| Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ |
| Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ |
|
| Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім |
| Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің |
| Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің |
| Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің |
|
| Ахоу аридар-ей |
|
| Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың |
| Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың |
| Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың |
| Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың |
|
| Ахоу аридар-ей |