| Мама, тәтті бауырсақтарың жолыма ма?
|
| Әке, қалың қара қамшы менің қолыма ма?
|
| Әже, алдымен айраныңыздан дәм татам
|
| Ата, ұмытылмайды берген әр батаң.
|
| Жалқаулық нәпсі, осылармен алысып келем.
|
| Уақыт өте тез, әрі жарысып келем.
|
| Жанымдағы жандарымнан ақыл алысып терең.
|
| Тек қана Пайғамбардың артынан ерем.
|
| Өткен іс өтті, өкініш пен қайғы жоқ.
|
| Оңай табатын Раймның қазір мекен-жайы жоқ.
|
| Иә, әрине қызық күндер есімнен кетпейді.
|
| Уақыт емдемейді, уақыт барлығын реттейді.
|
| Уақыт жылжиды, біреу есейеді.
|
| Біреуі өмірге шырылдап жаңадан келеді.
|
| Біреу тәрбиеленеді, біреу тәрбие береді.
|
| Жасар алдында ойлан, артыңнан ереді.
|
| Сезем, сезем ағалық қасиетіңді,
|
| Әрдайым есіме аламын айтар сенің өсиетіңді.
|
| Қанша рет шатыр сынды,
|
| Қанша рет дауыл жел тұрды.
|
| Қарсы тұрамын ағысқа көрсем қасымнан бауыр етімді.
|
| Өзгермеші осы қалпыңнан досым,
|
| Арамызда шынайылық мәңгі болсын.
|
| Сеніммен осы сәтті 2010-да,
|
| Армандаған ағаларым аман болсын.
|
| Мен олардың білем армандарын,
|
| Менде дәл солай армандадым.
|
| Аллаға сансыз шүкір деймін,
|
| Барына сендей ағалар.
|
| Маған шабыт беретін, өмірім өзгермес,
|
| Әрине адам болғасын бәрібір өзгересің.
|
| Тек қана таза жүрегің қарайып кірлемесін,
|
| Жүректегі шамды үрлемесін.
|
| Мен сенем өзіңе Алла,
|
| Сұраймын тек сенен ғана.
|
| Болсын жақындарым аман,
|
| Болсын жақындарым аман.
|
| - Аға, берген ақылың орнын таба ала ма?
|
| - Әпке, менің жарым сендей бола ала ма?
|
| - Інім, сен туғанда бекер қуанбағам,
|
| - Алла, ұмтылады сүйіктің болуға адам. |